12 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Ауыл-шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) және KZ2C00003465 (FAGRb2) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
/KASE, 10.09.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
шешімімен 2019 жылдың 12 қыркүйегінен бастап "Ауыл-шаруашылығын 
қаржылай қолдау қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі облигацияларының сауда-
саттықтары уақытша тоқтатылады:

- KZ2C00002962 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, FAGRb1);

- KZ2C00003465 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, FAGRb2).

Осы шешім 2019 жылдың 12 қыркүйекте аталмыш облигацияларды 
ұстаушылардың жалпы жиналысында осы облигациялардың шығарылым 
аңдатпасына енгізілетін өзгертулерді бекіту туралы шешім 
қабылданатынына байланысты қабылданды.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтары KASE аталған 
облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген тиісті өзгертулерді 
алып, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде 
олардың орналастырылуы мен айналыста болуын растауын алған күннен 
кейінгі келесі жұмыс күні қайта басталады.

KASE Басқармасының осы шешімімен аталмыш облигацияларды 
ұстаушылардың жалпы жиналысы болмаған және/немесе аталмыш 
облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді енгізу бойынша 
шешім қабылданбаған жағдайда, осы облигациялардың сауда-саттықтары 
"Ауыл-шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ тиісті ескертпесін алған 
күннен кейінгі келесі жұмыс күні қайта басталатыны белгіленді.

Осы тақырып бойынша 2019 жылдың 20 тамызында KASE жаңалығы 
жарияланды "2019 жылдың 12 қыркүйегінде "Ауыл-шаруашылығын 
қаржылай қолдау қоры" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) және KZ2C00003465 
(FAGRb2)  облигацияларын ұстаушыларының жалпы жиналысы болып 
өтеді" – http://kase.kz/ru/news/show/1411715/

[2019-09-10]