/ҚАЙТАЛАУ/ Қазақстан қор биржасында "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ KZ2C00004539 (ORPTb1) 424 000 облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді
/KASE, 11.09.19, 09.09.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржас 
(KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 12 қыркүйегінде KASE сауда-саттық 
жүйесінде "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ (Алматы) 
KZ2C00004539 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" 
санаты, ORPTb1) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген 
шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.


---------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:          купондық облигациялар  
ISIN:                             KZ2C00004539           
KASE сауда-саттық коды:           ORPTb1                 
Номиналдық құны, теңге:           1 000,00               
Шығарылым көлемі, млн теңге:                             
– тіркелген:                      3 500 000 000          
– орналастырылған:                1 378 000 000          
Айналыста болудың басталуы:       18.07.19               
Өтеудің басталу күні              17.07.26               
Айналыста болудың соңғы күні:     18.07.26               
Айналыста болу мерзімі:           7 жыл (2 520 күн)      
Купон мөлшерлемесі                жылдық 10,5 %          
Купонды төлеу мерзімділігі        жылына 2 рет           
Купон төлеуді бастау күні:        18 қаңтарда және       
                                  18 шілдеде             
Уақыттық базасы:                  30 / 360               
--------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні:                12.09.19               
Өтеуге дейінгі мерзім:            609 жыл (2 466 күн)    
Өтеуге дейінгі мерзім:            424 000 000            
Лот көлемі, дана                  1                      
Сауда-саттық заты:                "таза" бағасы          
Сатуға өтінім түрлері:            шектелімді             
Өтінім беру тәсілі:               жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:      11:30–12:00            
Өтінімдерді растау уақыты:        11:30–12:30            
Кесім уақыты:                     14:00 (Т+0)            
Төлем уақыты:                     12.09.19, 14:00        
Өтінімдерді қкесімдеу әдісі:      бағалары кесімді бағаға
                                  тең немесе одан төмен  
                                  қарсылама өтінімдер    
                                  кесімделеді            
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең  
                                  немесе қарсылама       
                                  өтінімдерді қабылау    
                                  уақыты бойынша сатушы  
                                  үшін ең ұтымды баға    
                                  бойынша                
Сауда-саттық бастамашысы          "Еуразиялық капитал" АҚ
                                  (Алматы)               
Сауда-саттық жүйесі секторы       Debts_List_ST1         
Сауда-саттық жүйесі тобы          Bonds_ST1_Alt          
---------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның 
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны 
данамен белгіленуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере 
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.

Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мәтіні 
http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында 
жарияланған.

Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf 
жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған 
мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 3 тарауының 18 тармағына 
сәйкес есептеледі.

Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз 
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар 
депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында алматылық уақытпен сағат 
18:20-ға дейін болуын қамтамасыз етуі тиіс.

KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен 
http://kase.kz/ru/bonds/show/ORPTb1/ мекен-жайында танысуға болады.

[2019-09-11]