Тамыз айында Биржада акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны 23,3 %-ға азайды
/KASE, 11.09.19/ – 2019 жылдың тамыз айында Қазақстан қор биржасында 
(KASE) акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың 
шоттарының саны алдыңғы айға қарағанда 23,3 % азайды. Акциялардың 
брутто-айналымындағы жеке тұлғалардың үлесі 2019 жылдың шілде 
айында ақшалай мәнде 47,3 % дан 38,6 %-ға дейін төмендеді.

Ақпан айының аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ 
(Алматы, бұдан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына 
ашылған жеке шоттардың жалпы саны 120 070-ке жетті, бұл алдыңғы айдың 
соңына қарағанда 383 шотқа артқанын көрсетеді.

Төмендегі кестеде KASE акциялармен сауда-саттыққа қатысушы жеке 
тұлғалардың ОД ашылған жеке шоттары санының динамикасы, осындай 
шоттардағы акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналысы, олардың осы 
айдағы акциялармен сауда-саттығының жалпы брутто-айналысындағы 
мәмілелер үлесі туралы ақпарат берілген.


------------------------------------------------------------------
2015    ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым,          Жалпы 
жылдың                                 млрд теңге*          брутто
айы                                                айналымдағы, %*
------- ---------- --------------- --------------- ---------------
Қаңтар     117 682           2 127             4,3            42,2
Ақпан      118 184           2 826             8,2            53,5
Наурыз     118 537           1 716             3,5            51,3
Сәуір      118 799           2 137             8,2            49,5
Мамыр      119 037           1 735            11,8            55,3
маусым     119 394           2 058             5,2            65,4
Шілде     119 687            2 983             4,6            38,6
Тамыз      120 070           2 288             3,5            47,3
------------------------------------------------------------------

*арнайы мамандандырылған сауда-саттықты, ірі мәмілелерді қоспағанда.

[2019-09-11]