KASE Басқармасы Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне енгізілген түзетулерді бекітті
/KASE, 27.09.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
2019 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен "Қор нарығының 
индикаторларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына 
енгізілген № 3 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Құжаттың 
қолданысқа енгізілу датасы туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш түзетулер ASTS+ сауда-клирингілік жүйесін енгізу және, KASE 
Индексінің есептеуі Индекс-сервердің бөлінген формуласымен жүзеге 
асырылатын, Индекс-серверді іске қосу мақсатында енгізілді.

Соның ішінде түзетулермен:

- Индекса KASE Индексін есепетеу алгоритмі өзгертулду, осы үшін 
  ребаланстың (К), ұқсас функцияны атқаратын және KASE Индексінің 
  мәндерінің салыстырмалы нәтижесін беретін бұл ретте KASE Индексінің 
  сандық қатары сақталатын, (D) бөлгіші енгізілді;

- KASE Индексін  есептеу үшін қолданылатын, коэффициенттерді алдын 
  ала тиянақтау мақсатында, KASE Индексінің өкілетті тізімінің өзгеруі өз 
  күшіне енетін даталар анықталды: бұл 01 ақпан, 01 мамыр, 01 тамыз, 01 
  қараша емес, ақпан, мамыр, тамыз, қараша айларының үшінші жұмыс 
  күні деп белгіленді;

- қаралатын кезеңде сауда-саттыққа қатысқан KASE мүшелерінің санына 
  қойылатын талап өзгеріп, алтыдан беске ауысты;

- KASE ресми тізіміне жеңілдетілген процедура бойынша енгізілген, 
  Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, эмитенттердің 
  акциялар нарығының капиптализациясын есептеу үшін өкілетті тізімге 
  енгізумен байланысты нақтылаулар енгізілді (осы кезде  акциялар 
  нарығыныңы капитализациясы, KASE ресми тізіміне толық листинг 
  процедурасын қолданумен енгізілген, акциялар санынан 
  қалыптастырылады).

Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланады.

[2019-09-27]