"Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 04.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде 
тұрған, "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл., Жәйрем пос., бұдан 
әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 
2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 
  дана, KZ1P13590115 артықшылықты акциялар саны – 11 100 дана;

- компанияның 6 588 624 жай акциялары және 9 689 артықшылықты акциялары 
  орналастырылған;

- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы 
  көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС  болып табылады, оның 
  меншігінде 6 592 226 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 
  99,91%) соның ішінде компанияның 6 588 624 жай акциясы (компанияның 
  орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 3 602 
  артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының 
  жалпы санынан 37,18%) бар.

[2019-10-04]