"Марганец Жайрема" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 04.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде 
тұрған, "Марганец Жайрема" АҚ ("Марганец Жайрема" АҚ, бұдан әрі – компания) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C60900012 жай акцияларының жалпы саны 500 000 
  дана;

- компанияның 12 025 жай акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ болып табылады.

[2019-10-04]