04 қазаннан бастап "Қазақстан Даму банкі" АҚ KZ2C00006286 (BRKZb17) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 04.10.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының 
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 04 қазанындағы шешімімен 
"Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006153 
облигацияларының KZ2C00006286 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 20 жыл, 
жарты жылдық купон, жылдық 0,15 %; 30/360) облигациялары KASE ресми 
тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша 
ресми тізіміне енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 04 қазанынан бастап, 
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына 
байланысты, өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы 
туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға BRKZb17 қысқарған белгісі (сауда-саттық 
кодтары) берілді.

Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/BRKZ/ мекен-жайында 
жарияланады.

[2019-10-04]