Бүгін Қазақстан қор биржасында "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ 15 млн KZ2C00006211 (BASPb4) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі
/KASE, 09.09.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы 
(KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Баспана" Ипотекалық ұйымы"  АҚ 
(Алматы) KZ2C00006211 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, 
BASPb4) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген 
шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

-----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:                        купондық облигациялар  
ISIN                                            KZ2C00006211           
Сауда-саттық коды                               BASPb4                 
Номиналдық құны, теңге:                         1 000,00               
Шығарылым көлемі, теңге:                                               
тіркелген                                       70 000 000 000         
орналастырылған                                 10 652 000 000         
Айналыста болудың алғашқы күні:                 26.09.19               
Айналыста болудың соңғы күні:                   26.09.21               
Өтеудің басталу күні                            26.09.21               
Айналыста болу мерзімі:                         2 жылы (720 күн)       
Купон мөлшерлемесі                              жылдық 8,50 %          
Купонды төлеу мерзімділігі                      жылына 1 рет           
Купондық төлеуді басталуы:                      26.09 20 және 26.09.21 
Уақыттық базасы:                                30 / 360               
----------------------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні:                              03.10.19               
Өтеуге дейінгі мерзім:                          2 жыл (707 күн)        
Номиналы бойынша жарияланған көлемі,            15 000 000 000         
млн.теңге:                                                             
Лот көлемі, дана                                1                      
Сауда-саттық заты:                              "таза" бағасы          
Сатып алуға өтінім түрлері:                     шектелімді және        
                                                нарықтық               
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, % 70                     
Өтінімдер берудің әдісі:                        жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    10:30–12:30            
Өтінімдерді растау уақыты:                      10:30–13:00            
Кесім уақыты:                                   15:00 (Т+0)            
Төлем уақыты:                                   09.10.19, 15:00        
Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі:                бағалары кесімді бағаға
                                                тең немесе одан жоғары,
                                                өтінімдер кесімделеді  
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:   кесімді бағаға тең     
                                                немесе сатушы үшін ең  
                                                ұтымды баға бойынша;   
                                                қарсылама өтінімдердің 
                                                мөлшеріне              
                                                пропорционалды         
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі      орташа сараланған баға 
                                                бойынша                
Сауда-саттықты өткізу бастамашысы:              "Еуразиялық капитал" АҚ
                                                (Алматы)               
Сауда-саттық жүйесінің секторы:                 Debts_List_ST1         
Сауда-саттық жүйесінің тобы:                    Bonds_ST1_Alt          
-----------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан, үтірден кейінгі 
төртінші таңбаға дейін дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген, 
облигациялынң "таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны 
данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселі болуы тиіс.

Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен 
мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес 
есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-
жайында жарияланған.

Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер 
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып 
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде 
көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек  KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере 
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.

KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
http://kase.kz/ru/bonds/show/BASPb4/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-10-09]