"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағдарламасы аясында 20 млрд теңге қазақстандық авто өнеркәсібіне қолдау көрсетуге жұмсайды
/KASE, 18.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан), 
биржаға жолдаған 2019 жылдың 18 қазанындағы баспасөз мәлімдемесін 
жарияланды:

...

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» 
АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) ҚР Ұлттық Банкінің (бұдан 
әрі – Ұлттық Банк) қаражаты есебінен қазақстандық жеңіл автомобильдерді 
сатып алатын жеке тұлғаларды қаржыландыру мақсатында екінші 
деңгейдегі банктерді кезең-кезеңмен кредиттеуді жүзеге асырады.

ҚДБ осы мақсатта облигациялар шығару жолымен «Қазақстандық 
тұрақтылық қоры» АҚ-дан (ҚР Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы) қарыздануды 
жүзеге асырды. Жеңіл автокөліктер сатып алушыларға кредит беру ҚР 
Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен 
бекітілген Отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит 
беру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге 
асырылады....

Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – 
http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_181019_1.pdf танысуға болады.

[2019-10-18]