"Электржелісін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOС" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 18.10.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Электржелісін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ 
(Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOС" (Астана, бұдан әрі – 
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 
жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C34930012 жай акцияларының жалпы саны 260 000 000 
  дана;

- компанияның  барлық жарияланған акциялары орналастырылған;

- компания өзінің 1 390 акциялары кері сатып алды;

- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы 
  көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат 
  қоры" АҚ  болып табылады, оның меншігінде 234 000 001 жай акциясы (компанияның 
  орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,00% немесе орналастырылған жай 
  акцияларының жалпы санынан 90,00%) бар.

[2019-10-18]