АҚ "Samruk-Kazyna Construction" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 18.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, АҚ "Samruk-Kazyna Construction" (, бұдан әрі – компания) 
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C00010859 жай акцияларының жалпы саны 16 247 541 
  дана;

- компанияның  барлық жарияланған акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып 
  табылады.

[2019-10-18]