"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 18.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға 
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы 
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- компанияның жарияланған KZ1C55410019 жай акцияларының жалпы саны 8 602 187 
  дана;

- компанияның 5 601 687 жай акциялары орналастырылған;

- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған 
  акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар 
  санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып 
  табылады.

[2019-10-18]