"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 18.10.19/ – Бағалы қағаздары  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің 
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай 
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

- банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 
  дана;

- банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;

- банк өзінің 2 893 522 817 акциялары кері сатып алды;

- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі 
  санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов  болып табылады, оның меншігінде 
  80 629 447 285 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 
  90,10% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,27%) бар.

[2019-10-18]