Биржадағы листинг


Листинг дегеніміз не?

Листинг – қандай да бір бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу процедурасы.

KASE ресми тізімі – бағалы қағаздар тізімінің бір бөлігі, осы тізімге енгізілу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері реттеушінің листингілік талаптарына (бұл құжат тек орыс тілінде қолжетімді), сондай-ақ KASE қосымша листингілік талаптарына сай болуы тиіс (Листингілік ережелердің 10 бабы).

Эмитент – бағалы қағаздардың шығарылымын жүзеге асырған немесе жоспарлаған, ұйым.

Листингілік компания – шығарған бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілген, эмитент-ұйым.

Қаржылық кеңесші – бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу және олардың осы тізімде болу сұрақтары бойынша кеңес берушілік қызметтер көрсететін, ұйым.

KASE листингілік компанияларының тізімі

Неліктен листингті Қазақстанда өткен жақсы?

  • листингілік компанияның қызметі отандық инвестор үшін айқын; листингілік компания туралы ақпарат қолжетімді
  • салықтың льготалардың қолданысы – листингілік компанияның қосымша инвестициялық тартымдылығы
  • қымбат тұратын road-show және шетелге көптеген сапарларға шығындардың үнемделуі
  • шетелдік листинг-серіктестерге шығындардың үнемделуі
  • құқықтық тәртіптемесі басқа елдерде қиыншылықтарды еңсеруге қосымша шығындардың болмауы
  • нарық пен листингілік компанияның қиын-қыстау кездерде инвесторлардың оптимисттік көзқарасы

Неден бастау керек?


Содан кейін ше?

  • рұқсаттама бастамашысы (соның бастамасымен бағалы қағаздар енгізуге тұспалданатын, ұйым) эмитенттің бағалы қағаздарын KASE ресми тізіміне енгізу туралы өтінішін және қарауға құжаттар жиынтығын ұсынады
  • KASE Листинг департаменті эмитенттің және оның бағалы қағаздарының реттеуші (бұл құжат тек орыс тілінде қолжетімді) мен KASE листингілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді
  • KASE Листинг департаменті эмитенттің және оның бағалы қағаздарының реттеуші (бұл құжат тек орыс тілінде қолжетімді) мен KASE листингілік талаптарына сәйкестігі жағдайында тұжырымдама, сәйкессіздігі жағдайында – уәжделген бас тарту дайындайды
  • эмитент пен KASE листингілік келісім-шартқа қол қояды
  • листингілік комиссия эмитенттің бағалы қағаздарын KASE ресми тізіміне енгізу мүмкіншілігі туралы сұрақты қарайды
  • листингілік комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда эмитент биржаға листингілік алымдар төлейді
  • эмитенттің бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізіледі
  • листингілік компания туралы ақпаратты KASE Интернет-сайтында тиісті бөлімінде алуға болады

Нені алдын ала ескеру керек?

  • ақпараттарды ашу
    Инвестордардың сеніміне иеленіп, оның сақтап қалу үшін, мерзімділік есеп берушілікті және листингілік компанияның қызметі туралы ақпаратты уақытылы ұсыну қажет ( Листингілік ережелердің 2 тарауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерлі орналастыру ережелері
  • жоғарғы талаптарға сай болу қажеттілігі
    Бағалы қағаздардың биржада айналыста болу мерзімі бойы листингілік компания осындай компанияларға қойылатын талаптарға сай боуы тиіс.
  • дайындықтың салыстырмалы ұзақ әрі күрделі үдерісі
    Құжаттарды листинг процедурасынан өтуге дайындық бір жылға дейін созылуы мүмкін. Құжаттарды қарау және листинг туралы шешім қабылдау биржаға барлық құжаттар өткізілгеннен кейін шамамен бір ай уақыт алуы мүмкін.
  • жариялылық ығын-шығыны
    Акциялар шектелмеген тұлғалар саны арасында орналастырылған жағдайда компанияның ірі акционерлері стратегиялық маңызды шешімдерді барлық акционерлердің пікірісіз қабылдай алмайды.

Қосымша ақпарат

Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) әзірленген, Корпоративтік басқару бойынша бағалау карталары (бұл құжаттар тек орыс тілінде қолжетімді):

Көмек (KASE мамандарының кеңесі)

KASE Листинг департаменті:

Телефондары: +7 (727) 237 53 24, 237 53 27

Факсі: +7 (727) 237 53 09

E-mail: listing@kase.kz

Мекен-жайы: 050040 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" КФК солтүстік мұнарасы, 8-ші қабат

Пайдаланушының аты:
Құпия сөз:
Жүктеу
Жүктеу