"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P12280114 (KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2010 жылға дивидендтер төлеуі туралы хабарлады
/KASE, 05.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған  "Қазақтелеком" АҚ (Алматы) биржаға ресми хат 
жолдап, былай деп хабарлады.

"Қазақтелеком" АҚ Басқармасының 2010 жылдың 26 қарашасындағы шешімін 
орындау мақсатында 2010 жылдың 23 – 24 желтоқсаны аралығында 2010 
жылға Қоғам өзінің артықшылықты акцияларына дивидендтер төлеуді 
жүзеге асырды.

Дивидендтер алуға құқылы акционерлер тізімі 2010 жылдың 13 
желтоқсанындағы жағдай бойынша құрастырылған.