"Қазақтелеком" АҚ KZ2C0Y10D612 (KZTKb2) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9,45469 % құрады
/KASE, 19.01.11/ – "Қазақтелеком" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына 
(KASE) өзінің KZ2C0Y10D612 облигациялары бойынша  (KASE ресми тізімі, 
"Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZTKb2; 
1 000 теңге, 45,5 млрд теңге, 30.10.09 – 30.10.19; USD LIBOR+ 6-айлық 
мөлшерлемесі бар құбылмалы жартыжылдық купон жылдық 9,0 %, 30/360) 
2011 жылдың 19 қаңтарынан 19 шілдесіне дейінгі купондық кезеңге сыйақы 
мөлшерлемесі жылдық 9,45469 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен 
хабарлады.

Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 19 қаңтарына дейін) аталмыш 
облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,72656 % пайызды 
құраған.