"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (КАЗАХСТАН) ПАВЛОДАРДА ӨЗІНІҢ ID CENTER-НІҢ АШЫЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
/KASE, 07.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
"Қазақтелеком" АҚ (Астана) Биржаға 2011 жылдың 07 ақпанындағы баспасөз-
хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді.

2011 жылдың 4 ақпанында Павлодар қаласында «Қазақтелеком» АҚ 
қызметтерінің көрсетілім залы – iD Center ашылды. Ашылу салтанатына 
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Куанышбек Есекеев және Павлодар 
облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

iD Center – ол әрбір келушіге жаңа телекоммуникация қызметтерін тегін 
пайдалануға және мамандардың кеңестері мен толыққанды ақпаратқа қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін замануи инфокоммуникациялық технологиялардың 
әлеуметтік-танымдық орталығы. iD Center-де интерактивті телевизия (iD TV), 
жаңа буын желілеріндегі телефонияның қазіргі заманғы түрлері (iD Phone), 
сымсыз Интернет (Wi-Fi), Интернетке кең жолақты қатынау (Megaline) және 
тағы басқалар сияқты қызметтер бар. Жобаның негізгі мақсаты - халықтың 
«Қазақтелеком» АҚ жаңа технологиялары мен сервистері жайында хабардар 
болуын қамтамасыз ету.