30 МАМЫР KASE АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДА БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ
/KASE, 31.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 
2012 жылдың 30 мамырында өткен KASE акционерлерінің жылдық жалпы 
жиналысында Биржалық кеңестің (KASE Директорлар кеңесінің) жаңа 
құрамы 2 жылдық  өкілеттік мерзімімен 12 адам  құрамында сайланғанын 
хабарлайды.

Жаңа сайланған KASE Биржалық кеңесінің құрылымы келесідей:

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне жән биржаның 
  жарғысына сәйкес, төрт сайланбайтын мүшесі (уәкілетті органның екі 
  өкілі, "алтын акция" иесіеің өкілі және биржаның Президенті);

- KASE акционерлерінің мүдделерін білдіруші төрт өкіл;

- Төрт тәуелсіз директор.

KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен KASE 
акционерлерінің мүдделерін білдіруші өкілдер ретінде сайланғандар:

1) Е.С. Абдразаков– "Сентрас Капитал" ЖШС Бас директоры;

2) А.М. Джолдасбеков – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 
   Директорлар кеңесінің төрағасы;

3) Д.С. Карабаев – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма 
   Төрағасының орынбасары;

4) В.А. Кышпанаков – "ЦентрКредит Банкі" АҚ - "BCC Invest" АҚ 
   Басқарма Төрағасының орынбасары.

KASE тәуелсіз директорлары лауазымына сайланғандар:

1) А.О. Алдамберген – "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас директоры;

2) Н.Б. Дамитов– "Jazz Capital" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

3) Ж.Б. Курманов – "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысбанкі" АҚ Директорлар 
   кеңесінің Төрағасы;

4) М.Ж. Ташметов – "Отан" АЖЗҚ" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары