Биржаға қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша бағалы қағаздар нарығында клиринг қызметін жүзеге асыруға лицензия берілді
/KASE, 24.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау 
және қадағалау жөніндегі комитеті Төрағасының 2012 жылдың 19 шілдесіндегі 
№ 99 бұйрығымен Биржаға бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге 2012 жылдың
 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1 лицензиясы рәсімделді деп мәлімдейді.

Осы лицензия бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге 
асыру құқығын береді:

- бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы 
  ұйымдастыру қызметі;

- бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер 
  бойынша клиринг қызметі.

Осы ретте биржа уәкілетті органға 2004 жылдың 02 ақпанындағы 
№ 0409200037 бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен 
сауданы ұйымдастыру қызметін жүргізуге лицензиясын қайтарды.