KASE Вице-президенті Б.Б.Бәбеновтің өкілеттігі өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды
/KASE, 20.12.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 
2012 жылдың 15 желтоқсандағы шешімімен  KASE Вице-президенті 
Б.Б.Бәбеновтің өкілеттігі өз өтініші бойынша, басқа жұмысқа ауысуына 
байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бәбенов Болат осы лауазымға  KASE акционерлерінің жылдық 
жиналысының 2002 жылдың 07 мамырындағы шешімімен сайланған 
болатын.

[2012-12-20]