ҚҰБ ҚҚК KASE акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді
/KASE, 25.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (одан әрі - KASE немесе биржа) 
акционерлеріне 2012 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және 
қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) биржаның акциялары шығарылымының # 1 
аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді.

Сонымен қатар, ҚҰБ ҚҚК биржаның мекен-жайы өзгеруіне байланысты 
бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін 
ауыстырды.

KASE ациялар шығарылымының құрылымы өзгерген жоқ. Бұрынғыдай 
биржада 5 млн. жарияланған акциялар бар, оның Ұлттық сәйкестендіру 
номері KZ1C10030019.

Биржа акцияларының шығарылым аңдатпасымен (өзгертулер мен 
толықтырулармен) KASE веб-сайтында "KASE туралы" – "Акционерлер 
және акционерлерге" – "акционерлерге арналған ақпартат" бөлімінде 
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm_2012.pdf мекен-жайы 
бойынша танысуға болады.

[2012-12-25]