Н.Ю. Хорошевская KASE Басқармасының мүшесі болып сайланды
/KASE, 01.03.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 
2013 жылдың 28 ақпандағы шешімімен Наталья Юрьевна Хорошевская 
2013 жылдың 01 наурызынан 2014 жылдың 31 тамызына дейін уәкілеттік 
мерзімімен KASE Басқармасының мүшесі болып сайланды.

Н.Ю. Хорошевская биржада 1994 жылдан бастап жұмыс істейді, 2007 
жылдың қазан айынан бері KASE Ақпарат және талдау департаментінің 
директоры лауазымын атқаруда.

Жоғарыдағы өзгерісті ескере отырып, KASE Басқармасы төрт адамнан 
тұрады: Қ.Қ. Дамитов (Президент), И.М. Сәбитов (Біріншій Вице-президент), 
А.Ю.Цалюк (Вице-президент), Н.Ю. Хорошевская (Ақпарат және талдау  
Департаментінің директоры).

[2013-03-01]