KASE акционерлері 2012 жылға қаржылық есеп берушілікті бекітіп, 2012 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 31.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 
2013 жылдың 30 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 
болып өткені туралы және келесідей негізгі шешімдер қабылдағаны туралы 
хабарлайды.

1. 2012 жылға KASE қаржылық есеп берушілігін бекіту, осы есеп берушілкке 
   сәйкес:

 - биржалық топтың меншікті капиталы 209 179 мың теңгеге немесе 
   8,98 %-ға өсіп, 2 538 158 мың теңгені құрады;

 - активтер 306 364 мың теңгеге немесе 11,51 %-ға өсіп, 2 967 908 мың 
   теңгеге жетті;

 - кірістер 32 915 мың теңге немесе 2,95 %-ға өсіп, 1 146 975 мың теңгені 
   құрады;

 - шығындар 30 491 мың теңгеге немесе 3,37 % азайып, 873 733 мың 
   теңгеге дейін төмендеді;

 - топтың таза пайдасы 29,53 %-ға ұлғайып, 210 034 мың теңгені құрады.

2. 2012 жылға KASE таза пайдасын (кірісін) бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:

 - 2012 жылдың қорытындысы бойынша KASE жай акциялары бойынша 
   дивиденд төленбесін;

 - 196 969 277 теңге көлеміндегі 2012 жылға KASE таза пайдасын (кірісін) 
   KASE дамуына жұмсалсын.

3. "Эрнст энд Янг" ЖШС 2013 жылға биржаның қаржылық есеп берушілігіне 
   аудит жүргізу мақсатында анықталсын.

4. 2012 жылы KASE акционерлерінің биржа, оның лауазымды тұлғаларының 
   биржа қызметі бойынша әрекеттеріне шағымдары болмағаны туралы 
   мәліметтер ескерілсін.

Анықтама үшін:

- 2012 жылға KASE жылдық қаржылық есеп берушілігінің шоғарлануы 
  "ИРБИС" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС және 
  "eTrade.kz" ЖШС осы кезеңдегі қаржылық есеп берушілігімен бірге жүзеге 
  асырылды, аудитті "Делойт" ЖШС жүргізді;

- 2012 жылдың қорытындысы бойынша жеке қаржылық есеп берушілігі 
  бойынша KASE таза пайдасы 2011 жылдың ұқсас көрсеткішімен 
  салыстырғанда 26,50 %-ға өсіп, 196 969 277 теңге 40 тиынды құрады.

[2013-05-31]