Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 10 маусымда биржа капиталына қатысу үлесін 50,1 % дейін арттырды
/KASE, 13.06.13/ – Қазақстан қор биржасы  (KASE) Қазақстан Республикасы 
Ұлттық банкінің 2013 жылдың 10 маусымында KASE капиталына қатысу 
үлесін биржаның орналастырылған акцияларынан 50,1 % дейін арттырғаны 
туралы хабарлады.

Бұрын хабарлағандай, KASE Биржалық кеңесі биржа акционерлерінің 
құрылымын Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 26 қарашасындағы  
№ 57-V "Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне шағын қаржы 
ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша кйбір өзгертулер мен 
толықтырулар енгізу туралы " заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында 
2013 жылдың 31 мамырындағы отырысында Қазақстан Республикасы 
Ұлттық банкінің KASE капиталындағы қатысу үлесін  арттыру туралы шешім 
қабылдады.

KASE акционерлері туралы мәліметтер http://www.kase.kz/ru/shareholders 
мекен-жайында орналасқан.

[2013-06-13]