KASE мүдделі мәміле жасауды көздеп отырғаны туралы хабарлады
/KASE, 24.12.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (одан әрі – KASE) 
2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Биржалық кеңестің шешімімен биржаның 
"РТРС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен аренда келісім-шарты 
жасалғаны туралы хабарлайды. Келісім-шарттың жарамдылық мерзімі: 
2013 жылдың 30 қарашасына дейін. Шешімге сәйкес Келісім-шарттың 
жағдайлары 2012 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE және "РТРС" 
ЖШС арасында туындаған жағдайларға қатысты таратылады.

[2012-12-24]