KASE мүдделі мәміле жасауды көздеп отырғаны туралы хабарлады
/KASE, 06.03.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (одан әрі – KASE) 
2013 жылдың 28 ақпанында Биржалық кеңестің шешімімен мүдделі мәміле 
жасау туралы шешім қабылданды:

- "Ронекс Секьюрити Компани" ЕК жауапкершілігі шектеулі 
  серіктестігімен биржаның үй-жайларында бейнебақылауды 
  ұйымдастыруға келісім-шарт жасалды;

- Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі 280, "Almaty 
  Towers" көп мақсатты кешенінің солтүстік ғимараты, 4-қабатта 
  орналасқан "eTrade.kz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 
  тұрғын емес үй-жайды арендаға алу келісім-шарты жасалды.

[2013-03-06]