KASE акционерлері А.М. Жолдасбековты Биржалық кеңес мүшесі етіп сайлады және Биржалық кеңестің өкілеттілік мерзімін белгіледі
/KASE, 21.04.2014/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов 
көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кещенінің Солтүстік мұнарасы, 
8-ші қабат мекен-жайында орналасқан, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 
2014 жылдың 18 сәуірінде Алматы уақытымен сағат 10.00-де жоғарыда 
аталмыш мекен-жайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 
мынадай күн тәртібімен болып өтті деп хабарлайды:

1. Биржалық кеңестің мүшесін сайлау туралы.

2. Биржалық кеңестің өкілеттілік мерзімі туралы.

Аталмыш жиналыста KASE акционерлері келесідей шешімждер қабылдады:

1. Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы Биржалық кеңестің мүшесі болып 
сайлансын.

Дауыс берді:"қосыламын"–673 987

"қарсымын"–0

"тартынамын"–0

2. Биржалық кеңестің келесі мүшелерінің өкілеттілік мерзімдерін, Биржаның 
2015 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігіне арналған, Биржа 
акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына дейін деп белгіленсін:

–Е.С. Әбідразақов, А.М. Жолдасбеков, Д.С. Қарабаев, В.А. Кышпанаков 
  (Биржа акционерлерінің мүддесін өкілдеушілер);

–А.О. Алдамберген, Ж.Б. Құрманов, А.Г. Нүкішев, М.Ж. Ташметов 
  (Биржаның тәуелсіз директорлары).

Дауыс берді:"қосыламын"–667 854

"қарсымын"–0

"тартынамын"–6 133

[2014-04-21]