ХАБАРЛАМА: "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің, 2014 жылдың 29 мамырына жоспарланған, жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді
/KASE, 14.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE немесе 
Биржа) өз акционерлеріне 2014 жылдың 29 мамырында акционерлердің 
жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады.

Биржалық кеңестің шешімімен (2014 жылдың 13 мамырындағы 
№ 18 отырыс хаттамасы) осы жиналыстың күн тәртібіне (мазмұны 
Биржаның аталмыш хабарламасында берілген) келесідей сұрақпен 
толықтырылды:

- Биржалық кеңес туралы қағидаға енгізілетін № 1 толықтыруды бекіту 
  туралы.

Күн тәртібінің сұрақтарын қарау реті күн тәртібін бекіткенде анықталады.

Биржа акционерлеріне жылдық жалпы жиналыс өткізу туралы хабарламасы 
KASE интернет-сайтында 
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/meeting_290514.pdf мекен-жайы 
бойынша жарияланған.

[2014-05-14]