Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген түзетулер мен толықтыруларды тіркеді
/KASE, 16.05.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан 
Республиксының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банкі) 2014 жылдың 12 мамырында  
KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына № 9 (түзетулер) өзгертулер 
мен толықтыруларды тіркеді.

Аталмыш түзетулер Биржалық кеңестің құрамына өзгертулер енгізуге 
байланысты енгізілді, негіздемесі:

- KASE акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі 
  (2014 жылдың 18 сәуіріндегі № 24 хаттамасы);

- Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі төрағасының 2014 жылдың 04 
  наурызындағы " Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкінің 
  төрағасының 2012 жылдың 23 тамызындағы № 232 бұйрығына өзгерту 
  енгізу туралы" № 66 бұйрығы.

Акциялардың жаңартылған шығарылым аңдатпасы  KASE интернет-
сайтында  "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде 
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm9_2014.pdf мекен-
жайында жарияланған.

[2014-05-16]