KASE акционерлері 2013 жылға қаржылық есеп берушілікті бекітіп, 2013 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 29.05.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 
2014 жылдың 29 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 
болып өткені туралы және келесідей негізгі шешімдер қабылдағаны туралы 
хабарлайды.

1. 2013 жылға KASE қаржылық есеп берушілігін бекіту, осы есеп берушілкке 
   сәйкес:

 - биржалық топтың меншікті капиталы 2 202 764 мың теңгеге немесе 
   86,8 %-ға өсіп, 4 740 922 мың теңгені құрады;

 - активтер  2 256 918 мың теңгеге немесе 76,0 %-ға өсіп, 5 224 826 мың 
   теңгеге жетті;

 - кірістер 292 348 мың теңге немесе 25,5 %-ға өсіп, 1 439 323 мың 
   теңгені құрады;

 - шығындар 119 285 мың теңгеге немесе 13,7 % өсіп, 993 018 мың 
   теңгені құрады;

 - топтың таза пайдасы142 911 теңге немесе 68,0 %-ға ұлғайып, 352 945 
   мың теңгені құрады.

2. 2013 жылға KASE таза пайдасын (кірісін) бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:

 - 2013 жылдың қорытындысы бойынша KASE жай акциялары бойынша 
   дивиденд төленбесін;

 - 351 148 090 теңге 28 тиын көлеміндегі 2013 жылға KASE таза 
   пайдасын (кірісін) KASE дамуына жұмсалсын.

3. "Эрнст энд Янг" ЖШС 2014 жылға биржаның қаржылық есеп берушілігіне 
   аудит жүргізу мақсатында анықталсын.

4. 2013 жылы KASE акционерлерінің биржа, оның лауазымды тұлғаларының 
   биржа қызметі бойынша әрекеттеріне шағымдары болмағаны туралы 
   мәліметтер ескерілсін.

5. Биржалық кеңес туралы Қағиданға №1 өзгертулер мен толықтырулар 
   бекітілсін және 2014 жылдың 29 мамырынан бастап күшіне енгізілсін.

Анықтама үшін:

- 2013 жылға KASE жылдық қаржылық есеп берушілігінің шоғарлануы 
  "ИРБИС" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС және 
  "eTrade.kz" ЖШС осы кезеңдегі қаржылық есеп берушілігімен бірге жүзеге 
  асырылды, аудитті "Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді;

- 2013 жылдың қорытындысы бойынша жеке қаржылық есеп берушілігі 
  бойынша KASE таза пайдасы 2012 жылдың ұқсас көрсеткішімен 
  салыстырғанда 78,3 %-ға өсіп, 351 148 090 теңге 28 тиынды құрады.

[2014-05-29]