Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді
/KASE, 18.06.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 
09 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 
биржа акцияларының № 10 шығарылым аңдатпасына енгізілген 
өзгертулерді тіркеді.

Аталмыш өзгерістер KASE Басқармасы құрамындағы өзгерістерге 
байланысты енгізілді.

- Ұлттық Банкінің 2014 жылдың 11 мамырындағы Биржалық кеңестің 
  құрамындағы өзгерістер туралы № 11209/2010 хаты және Ұлттық Банк 
  Абай Искандиров Мұқашұлына берілген № 73с сенімхат негізінде;

- Биржалық кеңестің екі комитеті – Кадр және сыйақылар жөніндегі 
  Комитет және Әлеуметтік мәселелер және корпоративтік басқару және 
  этика мәселелері комитеті Биржалық кеңестің шешімі негізінде 
  (2014 жылдың 13 мамырындағы № 18 хаттамасы).

Биржаның жаңартылған шығарылым аңдатпасы  KASE интернет-сайтында 
"Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде  
http://http://www.kase.kz/files/normative_base/kasef9_izm10_2014_kaz.pdf мекен-
жайында орналасқан.

[2014-06-18]