/ТҮЗЕТІЛДІ/ KASE мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады
/KASE, 25.08.2014, мәміле жасау күні өзгертілгенінен байланысты қайта 
таратылды/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 
2014 жылдың 08 тамызында, KASE мүддесі бар, "Орталық бағалы қағаздар 
депозитарийі" акционерлік қоғамымен 2011 жылдың 05 қыркүйегінде 
жасалған Сауда-саттықты ұйымдастырушысына қызмет көрсету туралы № 1 
Келісім-шартына (бұдан әрі – Келісім-шарт) №4 қосымша келісімін жасауды 
мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы 
№ 72 қаулысымен бнкітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор 
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп 
берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне 
сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз:

1. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: қолданылмайды.

2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы: 
   қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы активтердің 
   құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

4. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: қолданыстағы практикаға сәйкес, 
   жоғарыда аталмыщ қосымшамен Келісім-шартқа түзетулер енгізілген.

5. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 19 тамызы.

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 
64 бабының 1 тармағы 6 тармақшасына сәйкес, "Орталық бағалы қағаздар 
депозитарийі" АҚ KASE үлестес тұлғасы болып табылады.

[2014-08-25]