KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 14.10.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 
13 маусымында және 2012 жылдың 25 маусымында Қазақстан қор биржасы 
акционерлік қоғамы мен биржа мүшелері арасында KASE мүддесі бар, 
Ақпарат беру тәртібі туралы Келісімге "Qazaq Banki" АҚ №3 қосымша келісім 
және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ № 4 қосымша 
келісім жасағаны туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы 
№ 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор 
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп 
берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне 
сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз:

1. Акционерлік қоғамның мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні: 
   2014 жылдың 09 қазаны (Биржалық кеңестің шешімі, 2014 жылдың 
   09 қазанындағы №37 хаттамасы)

2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы: 
   қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы активтердің 
   құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: Келісім мәтінінің аталмыш қосымша 
   келісімінен Биржаның аталмыш мүшелерінің IP-мекен-жайы мен 
   электрондық пошта мекен-жайы алып тасталды.

6. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 13 қазаны.

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 
64 бабының 1 тармағы 6 тармақшасына сәйкес, "Qazaq Banki" АҚ және 
"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ биржаның үлестес 
тұлғалары болып табылады.

[2014-10-14]