KASE ірі мәміле жасағаны туралы хабарлайды
/KASE, 14.10.2014/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 
04 шілдесінде Қазақстан қор биржасы акционерлік қоғамы мен "Рахат 
Тауэрс" Көп салалы кешені" ЖШС арасында тұрғын емес үй-жайларды 
сатып алу-сату келісім-шартына қосымша келісім ретінде ірі мәміле 
жасағаны туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы 
№ 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийі, қор 
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп 
берушіліктерді және аудиторлық есептерді орналастыру ережелеріне 
сәйкес, келесі ақпаратты жариялаймыз:

1. Акционерлік қоғамның мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні: 
   2014 жылдың 09 қазаны (Биржалық кеңестің шешімі, 2014 жылдың 
   09 қазанындағы №37 хаттамасы)

2. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалау датасы: 
   қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын, мүлік құнының жалпы активтердің 
   құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: жер телімінің жалпы көлемі 1,1332 
   гектардан 1,3782 гектарға өзгертілді.

6. Мәміленің жасалған күні: 2014 жылдың 13 қазаны.

[2014-10-14]