KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 13.02.15/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE немесе 
Биржа) өз мүддесі бар мәміле: "РТРС" ЖШС-пен жайларды жалға алу 
бойынша 2015 жылдың 13 ақпанындағы мемлекеттік сатып алулар туралы 
келісім-шартын  жасасқаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы 
№ 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор 
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар туралы 
ақпараттарды орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жария 
етеміз:

1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған 
   күні: 2015 жылдың 11 ақпаны (Биржалық кеңестің 2015 жылдың 
   11 ақпанындағы № 2 отырыс хаттамасы).

2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: 
   қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің жалпы активтерге қатысты 
   пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: келісім-шарттың мәні уақытша 
   иеленуге және пайдалануға (жалға) тұрғын емес жайларды және 
   жабдықтарды беру, сондай-ақ, техникалық маманданымға сәйкес, 
   жалға алынатын жайларды күтуге балйанысты ілеспелі қызметтер 
   болып табылады.
   Келісім-шарттың жалпы сомасы – 21 996 089,16 теңге, соның ішінде:
   жайларды жалға алу – 14 979 809,16 теңге;
   қілеспелі қызметтер – 7 016 280 теңге.
   Жалдау мерзімі – 2015 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін.

6. Мәміленің жасалған күні: 2015 жылдың 13 ақпаны.

[2015-02-13]