Ұлттық Банк Қазақстан қор биржасы акцияларын 2014 жылдың 26 тамызынан 2015 жылдың 25 ақпанына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті
/KASE, 09.04.15/ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 
2014 жылдың 26 тамызынан 2015 жылдың 25 ақпанына дейінгі кезеңде 
"Қазақстан қор биржасы" АҚ акцияларын орналастыру нәтижелері туралы 
№14 есебін бекіту туралы 2015 жылдың 01 сәуіріндегі есебін бекітті.

KASE акцияларының KZ1C10030019 5 000 000 жай акцияларынан тұратын 
шығарылымы Бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізбесіне А1003 номерімен 
енгізілді.

Есептік кезеңде KASE акциялары орналастырылмаған. 2014 жылдың 26 
ақпанындағы жағдай бойынша компанияның 942 013 жай акциясы 
орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 2 366 256 242,54 теңгені 
құрады.

Аталмыш акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есебі KASE 
интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/for_shareholders/otchet_14.pdf
мекен-жайы бойынша жарияланған.

[2015-04-09]