Ұлттық Банк KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді
/KASE, 09.10.15/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) 
ресми тізімінде тұрған KASE акцияларының №13 шығарылым аңдатпасына 
(Аңдатпа) өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулер) 2015 жылдың 05 
қазанында тіркегені туралы хабарлады.

Аталмыш түзетулер KASE Директорлар кеңесінің шешіміне (2015 жылдың 
10 қыркүйегіндегі отырысының № 22 хаттамасы) сәйкес, KASE 
Басқармасының сандық құрамын бес адам етіп анықтау және Бизнесті 
дамыту департаментінің директоры, KASE Басқармасының мүшесі етіп 
Әмина Серікқызы Тұрғұлованы сайлауға байланысты енгізілді.

Сонымен қатар, аталмыш Аңдатпа мәтініне түзетулер KASE. Ішкі аудит 
қызметінің құрылымы өзгеруіне байланысты енгізілді.

Акциялар шығарылымының жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE 
интернет-сайтында "Биржа туралы" – "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде 
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm13_2015_kaz.pdf 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

[2015-10-09]