KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 03.12.2015/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) 
Директорлар кеңесі 2015 жылдың 10 маусымында, KASE мүддесі бар және 
Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле 
болып табылатын, "ForteBank" АҚ  мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы 
қағаздар листингі туралы келісім-шарт жасасуды мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 
24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру 
депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік 
уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, 
қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру 
Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:

1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған 
   күні: 2015 жылдың 10 маусымы (Биржалық кеңестің шешімі; 
   2015 жылдың 10 маусымындағы № 10 отырыс хаттамасы).

2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.

3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: 
   қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге 
   қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары: "ForteBank" АҚ бағалы қағаздарының 
   қазақстан қор биржасының ресми тізімінде болу тәртібін және ақпаратты 
   ашу шартын анықтау.

6. Мәміле жасасу күні: 2015 жылдың 27 қарашасы.

"ForteBank" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" 
заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты 
аффилиирленген тұлға болып табылады.

[2015-12-03]