KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 05.01.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE немесе 
Биржа) өз мүддесі бар мәміле және Қазақстан қор биржасы ерекше 
қатынастарда байланыстағы тұлғамен мәміле жасасу ретінде, "РТС" ЖШС 
тұрғын емес жайларды Биржаның резервтік орталығын орналастыру үшін 
жалға алу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартын 
жасасқаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы 
№ 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп берушілік депозитарийінің, қор 
биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп 
берушіліктер және аудиторлық есетер, сондай-ақ атқарушы органның 
мүшелеріне жыл қортыныдысы бойынша сыйақы төлеу туралы 
ақпараттарды орналастыру ережелеріне сәйкес, келесі ақпаратты жария 
етеміз:

1. Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған 
   күні: 2015 жыл 25 желтоқсан (Директорлар кеңесінің 2015 жылдың 
   25 желтоқсанындағы № 28 отырыс хаттамасы).

2. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: 22 289 650,00 теңге.

3. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: 
   қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің жалпы активтерге қатысты 
   пайыздық қатынасы: 0,16 %.

5.Мәміленің негізгі елеулі шарттары: келісім-шарттың заты тұрғын емес 
  жайлар мен жабдықтарды уақытша иеленуге және қолдануға 
  (жалдауға) алу, сондай-ақ жалға алынатын жайлардың техникалық 
  маманданымға сәйкес ұстауына байланысты ілеспелі қызметтер.

  - Келісім-шарттың жалпы сомасы – 22 289 650,00 теңге, соның ішінде:

  - жайларды жалға алу – 14 183 352,96 теңге;

  - ілеспелі қызметтер – 8 106 297 тенге.

  - Жалдау мерзімі – 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап 
    31 желтоқсанына дейін.

6.Мәміленің жасалған күні: 2015 жылдың 31 желтоқсан.

[2016-01-05]