2016 ЖЫЛДЫҢ 11 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП KASE БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЕСЖАН БІРТАНОВТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІГІ БАСҚА ЖҰМЫСҚА АУЫСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТЫЛДЫ
/KASE, 12.01.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 
2016 жылдың 11 қаңтарындағы шешімімен KASE Басқармасының Төрағасы 
Біртанов Есжан Амантайұлының өкілеттілігі өз еркімен, басқа жұмысқа 
ауысуына байланысты, мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Басқарма Төрағасының міндеттерін атқарушысы болып 
Хорошевская Наталья Юрьевна тағайындалды.

KASE Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамы KASE интернет-сайтында 
http://www.kase.kz/kz/kase_management мекен-жайы бойынша жарияланған.

Тиісті баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-сайтының 
http://www.kase.kz/files/press/ru/11_01_16_Birtanov_Khoroshevskaya_kz.pdf 
мекен-жайында жарияланған.

[2016-01-12]