KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізілді
/KASE, 01.02.2016/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) KASE 
акцияларының № 15 шығарылым аңдатпасына (Аңдатпа) өзгертулер 
енгізілгені туралы хабарлады.

Аталмыш түзетулер KASE Директорлар кеңесінің шешіміне (2016 жылдың 
08 қаңтарындағы №1 отырысы хаттамасы) байланысты енгізілді:

- 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Есжан Амантайұлы Біртановтың 
  Биржа Басқармасының Төрағасы ретінде өкілеттігі мерзімінен бұрын 
  тоқтатылғаны туралы;

- 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап KASE Басқармасының мүшесі 
  Наталья Юрьевна Хорошевскаяны Биржа Басқармасы төрағасының 
  міндетін атқарушы етіп белгісіз мерзімге, Директорлар кеңесінің өзге 
  шешім қабылдауына дейін тағайындау туралы.

KASE акцияларының жаңартылған шығарылым аңдатпасы KASE интернет-
сайтында "Биржа туралы"– "Корпоративтік құжаттар" бөлімінде  
http://www.kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm15_2016.pdf мекен-
жайында орналастырылған.

[2016-02-01]