KASE ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП АЛИНА АЛДАМБЕРГЕН САЙЛАНДЫ
/KASE, 08.02.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар 
кеңесінің шешімімен 2016 жылдың 09 ақпанынан бастап өкілеттілік мерзімі 
үш жылға KASE Төрағасы болып Алина Өтемісқызы Алдамберген 
сайланды.

Бұдан бұрын А.Ө. Алдамберген "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 
Басқармасы Төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас 
директоры, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы 
орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің (ҚҚА АӨҚО) 
Төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып, сондай-ақ "ДАБ "ABN 
AMRO Банк Казахстан" АҚ жетекшілік лауазымдарда еңбек еткен. Әр 
жылдары А.Ө.Алдамберген KASE Директорлар кеңесінің құрамына 
сайланып, соның ішінде тәуелсіз директоры болған.

А.Ө. Алдамберген 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясын үздік 
аяқтаған, 1997 жылы –  Е. Саймон Уильям атындағы Рочестер 
Университетінің (MBA) Іскерлік Әкімшілік ету мектебін бітірген.

Қазіргі уақытта KASE Басқармасы бес адамнан тұрады: А.Ө. Алдамберген, 
(Төраға), И.М. Сәбитов (Төраға орынбасары), А.Ю. Цалюк (Төраға 
орынбасары), Н.Ю. Хорошевская (Төраға орынбасары), А.С. Тұрғұлова 
(даму бойынша директор)

[2016-02-08]