KASE Директорлар кеңесі Биржа басқармасының бес адамнан тұратын сандық құрамын анықтады және Биржа Басқармасының мүшесі етіп К.Ж.Турмағамбетовты сайлады
/KASE, 13.05.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)  
Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 12 мамырындағы шешімімен Биржа 
Басқармасының сандық құрамы бес адамнан анықталды.

Биржаның Директорлар кеңесінің осы шешімімен KASE Басқармасының 
мүшесі болып бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып 
Қайрат Жұмабекұлы Тұрмагамбетов сайланды, өкілеттік мерзімі үш жыл 
(2016 жылдың 13 мамырынан  2019 жылдың 12 мамырына дейін).

Бұрын Қ.Ж. Тұрмағамбетов Басқарма Төрағасының орынбасары, "Нұрбанк" 
АҚ Басқарма мүшесі, "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "MONEY EXPERTS" 
Директорлар кеңесінің мүшесі,  "Атамекен" ҰЖЗҚ Директорлар кеңесінің 
мүшесі және басқа да басшылық қызметтерді атқарған.

Қ.Ж. Тұрмағамбетов 1986 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін, 2003 
жылы – Маастрих менеджмент мектебін (Голландия) бітірген.

Қазіргі уақытта KASE Басқармасы бес адамнан тұрады: А.Ө. Алдамберген 
(Төраға), И.М. Сәбитов (Төраға орынбасары), А.Ю. Цалюк (Төраға 
орынбасары), Н.Ю. Хорошевская (Төраға орынбасары), Қ.Ж. Тұрмагамбетов  
(бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры).

[2016-05-13]