KASE 2018 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН-ҚАРАША АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 24.07.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың 
өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі 
құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 
2018 жылдың қазан-қараша айларына өтімділігі бірінші, екінші және 
үшінші кластарындағы акциялардың тізімдерін қалыптастырды. 
Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 
2018 жылдың 26 наурызындағы шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, 
аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің 
жұмыс регламенті" және "Маркет-мейкерлер қызметтерінің ережелері" атты 
KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды.

Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 
2018 жылдың 01 қазанынан бастап 30 қарашасына дейін қолданыста 
болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің 
кемуі тәртібімен берілген):

1) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE негізгі сауда-
   саттық алаңы, "стандарт" санаты, KZTO) жай акциялары;

2) KAZ Minerals PLC GB00B0HZPV38 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
   "стандарт" санаты, GB_KZMS) жай акциялары;

3) "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE негізгі 
   сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары;

4) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, 
   KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, HSBK) жай 
   акциялары;

5) "Қазақтелеком" АҚ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE негізгі сауда-
   саттық алаңы, "премиум" санаты,  KZTK) жай акциялары;

6) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3, 
   KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RDGZp) 
   артықшылықты акциялары;

7) "БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE балама алаңы, 
   "акциялар" санаты, BAST) жай акциялары;

8) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE негізгі 
   сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, CCBN) жай акциялары;

9) "Кселл" АҚ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE негізгі сауда-саттық 
   алаңы, "премиум" санаты, KCEL) жай акциялары;

10) Bank of America Corporation US0605051046 KASE негізгі сауда-саттық 
    алаңы, "стандарт" санаты, US_BAC_) жай акциялары.

11) "Сбербанк" КАҚ RU0009029540 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
    "премиум" санаты, RU_SBER) жай акциялары:

12) "Аэрофлот - российские авиалинии" ӨАҚ RU0009062285 (KASE негізгі 
    сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RU_AFLT)  жай акциялары;

13) "Газпром" БАҚ RU0007661625 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы,  
    "стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары;

14) "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE негізгі сауда-
    саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары;

15) "Банк ВТБ" ЖАҚ RU000A0JP5V6 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, 
    "премиум" санаты, RU_VTBR) жай акциялары;

2018 жылдың тамыз-қыркүйек айларына өтімділігі бірінші кластарындағы 
акциялардың тізімдері қалыптастырылған қолданыстағы тізімімен 
салыстырғанда 2018 жылдың қазан-қараша айларында өтімділігі бірінші 
класта акциялар тізімінен: "Казкоммерцбанк"АҚ KZ1C00400016 
(KZ000A0JC858, KKGB) жай акциялары шығарылды.

Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада 
жұмыс күндері алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі, 
өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың сауда-саттығы 
биржада жұмыс күндері алматы уақытымен 15:00-ден 17:00-ге дейін 
өткізіледі.

Акциялармен сауда-саттық үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, 
егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы 
мәміленің бағасынан 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату 
өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау 
тәртібіне ауыстырылады (мұнда франкфурттық сауда-саттық әдісі 
қолданылады).

2018 жылдың қазан-қараша айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, 
екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімдері KASE интернет-
сайтында http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2018_oct_nov.pdf 
жарияланады.

2018 жылдың тымз-қыркүйек айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, 
екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімдері KASE интернет-
сайтында http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2018_aug_sep.pdf

Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті 
http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы 
бойынша жарияланған.

Бағалы қағаздар өтімділігінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі 
http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf мекен-жайы 
бойынша жарияланған.

[2018-09-27]