"Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ 2019 жылдың 29 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізеді
/KASE, 14.02.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған  "Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ (Астана), 
Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 29 наурызында сырттай 
дауыс беру арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізетіні 
туралы хабарлады.

Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі  мәселе:

- компанияның 2018 жылға қаржы-шаруашылық қызметіне аудит жүргізу 
  үшін тәуелсіз аудиторлық компанияны анықтау;

- аудиторлық ұйым қызметі төлемінің көлемін анықтау;

- аудиторлық қызмет көрсетуге келісім-шарт жасау.

Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – 
http://kase.kz/files/emitters/ATVS/atvs_special_shareholders_meeting_info_290319_18.pdf
 мекен-жайында жарияланған.

[2019-02-14]