2019 жылдың 18 ақпанынан 22 ақпанына дейін Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" АҚ KZ000A0RMTC3 (RDGZp) артықшылықты акцияларын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі
/KASE, 14.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 18 
ақпанынан 22 ақпаны аралығында Қазақстан қор биржасының сауда-саттық 
жүйесінде "ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" АҚ (Астана) KZ000A0RMTC3 
(KASE негізгі сауда-саттық алаңы,  "стандарт" санаты, RDGZp) 
артықшылықты акцияларын сату бойынша арнайы мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі.

-----------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың тұрпаты:         артықшылықты акциялар  
ISIN:                               KZ000A0RMTC3           
KASE сауда-саттық коды:             RDGZp                  
Акциялардың жалпы саны, дана:                              
– жарияланған:                      4 136 107              
– орналастырылған:                  4 136 107              
– айналымда                         710 747                
----------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық датасы:                18.02.19 – 22.02.19    
Сатудың жарияланған көлемі, дана:   710 747                
Лоттың көлемі, дана:                1                      
Сауда-саттық заты:                  акция бағасы           
Сатуға өтінімдердің түрі:           шектелімді             
Өтінімдер беру амалы:               жабық                  
Өтінімдерді қабылдау кезеңі:        18.02.19 – 21.02.19    
                                     (қоса),               
                                    11:30–17:00            
Кесімдеу күні мен уақыты:           18.02.19 – 21.02.19    
                                     (қоса),               
                                    11:30–17:30            
Кесімдеу күні мен уақыты:           22.02.19, 14:30        
Есептесу күні мен уақыты:           22.02.19, 14:30        
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:   биржаның қарама-қарсы  
                                    өтінімдерді қабылдау   
                                    уақыты бойынша, кесімді
                                    бағамен                
Сатып алу бағасы, теңге:            12 800                 
Сауда-саттық өткізудің бастамашысы:  "SkyBridge Invest" АҚ 
                                    (Алматы)               
Сауда-саттық жүйесінің секторы      Eqs_Liq_ST2            
Сауда-саттық жүйесінің тобы         Prem_ST2_M             
-----------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде, акциялардың теңгемен көрсетілген, үтірден кейінгі 
екінші таңбаға дейін дәлдікпен бір акцияның бағасы көрсетілуі тиіс. 
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде акциялардың саны данамен 
белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі акция саны мен өтінім бағасының 
көбейтіндісіне тең болуы тиіс.

Қаржы құралының саны лот көлеміне тең немесе лот көлеміне бөлінетін 
болуы тиіс.

Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер 
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып 
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде 
көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере 
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.

KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership 
мекен-жайы бойынша жарияланған.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
http://kase.kz/ru/shares/show/RDGZp/ мекен-жайында жарияланған.

[2019-02-14]