15 ақпаннан бастап Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000052 (ASK024_005) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 14.02.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының 
шешімімен 2019 жылдың 15 ақпанынан бастап Астана қаласының 
жергілікті атқарушы органының KZZJ00000052 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 
2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) облигациялары 
KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді.

Аталмыш облигацияларға ASK024_005 қысқартылған белгісі (сауда-саттық 
код) берілді.

Бұл облигациялар мемлекеттік және үкімет бағдарламаларын жүзеге асыру 
шегінде тұрғын үйі құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылған.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы 
уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады.

[2019-02-14]