KASE 2019 жылдың 15 ақпанынан 15 наурызына дейінгі кезеңде қор нарығында Т+2 сызбасы бойынша саудаланатын акциялар бойынша лимит және мөлшерлеме мәнін және дисконт мөлшерлемесін анықтады
/KASE, 14.01.19/ – Қазақстан қор биржасының нарықтық тәуекел комитеті 
(KASE) KASE Басқармасының "Қаржы құралдарының тәуекел 
параметрлерін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес Т+2 
сызбасы бойынша саудаланатын акциялар бойынша лимит және 
мөлшерлеме концентрациясы мәні, сондай-ақ келесі акциялар бойынша 
2019 жылдың 15 ақпанынан 15 наурызына дейін жарамды репо 
операциялар нарығында мөлшерлеме мәніне тең дисконттардың 
мөлшерлемесін белгіледі:

-------------------------------------------------------------
 №  Акция коды ҰСН немесе ISIN  Концентрация   Концентрация  
п/п                             лимиті, дана  мөлшерлемесі, %
--- ---------- --------------- -------------- ---------------
 1     AKZM     KZ1C00001288              171       35       
 2     BAST     KZ1C00001015              545       35       
 3     CCBN     KZ0007786572           57 507       30       
 4   GB_KZMS    GB00B0HZPV38        2 286 350       30       
 5     HSBK     KZ000A0LE0S4          125 439       30       
 6   IE_FXBF    IE00BG0C3K84            5 780       30       
 7     KCEL     KZ1C00000876           25 021       30       
 8     KEGC     KZ1C00000959            9 264       30       
 9     KZAP     KZ1C00001619              757       30       
10     KZTK     KZ0009093241           12 432       30       
11    KZTKp     KZ0009094645              169       30       
12     KZTO     KZ1C00000744           25 155       30       
13    RDGZp     KZ000A0RMTC3            1 309       30       
14   RU_AFLT    RU0009062285        5 606 995       30       
15   RU_GAZP    RU0007661625       25 528 718       30       
16   RU_SBER    RU0009029540       70 457 356       30       
17   RU_VTBR    RU000A0JP5V6   23 180 192 708       30       
18   US_BAC_    US0605051046              433       30       
19  KZAPd_USD   US63253R2013           20 431       50       
-------------------------------------------------------------
Аталмыш лимиттер мен концентрациялар мөлшерлемесі қор нарығындағы 
жалғыз лимитті, репо операциялары неттингпен қоса есептеу үшін 
концентрация мөлшерлемесін пайдалану мақсатында, сондай-ақ акциялар 
бойынша қатысушылардың қандай да бір атауы аталмыш атаудың бағалы 
қағаздары үшін белгіленген сауда-саттық күнінің басындағы концентрация 
лимитінен асқан жағдайда, тікелей репо операциялары немесе автоматты 
репо операцияларының ашу бағасын есептеу үшін акциялардың нарықтық 
бағасына дисконттауды пайдалану мақсатында есептелген.

KASE  клирингтік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер бойынша қор 
нарығының құралдары бойынша тәуекел-паратметрлерінің мәні 
http://kase.kz/ru/shares/ мекен-жайында орналасқан.

Репо операцияларын жүзеге асыру ережесі 
https://kase.kz/files/normative_base/repo_new.pdf мекен-жайында 
жарияланған.

Автоматты репо нарығының маманданымы 
https://kase.kz/files/normative_base/sp_repo_new.pdf мекен-жайында 
жарияланған.

[2019-02-14]