"Қазақтелеком" АҚ 2018 жылдың 30 сәуіріне жоспарланған акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне өзгертулер енгізілді
/KASE, 02.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми 
тізімінде тұрған  "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2019 жылдың 30 сәуіріне 
жоспарланған акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне 
"Эрнст энд Янг" ЖШС 2019–2021 жылдарға "Қазақтелеком" АҚ аудит 
жүргізетін аудиторлық ұйым  ретінде тағайындау жөнінде толықтыру 
енгізілді.

Аталмыш жиналыстың күн тәртібіне мынандай толықтырулар енгізілді:

- компанияның 2018 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы;

- компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібі туралы;

- компанияның жарғысына өзгертулер мен толықытурлар енгізу туралы;

- компанияның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы туралы қағидаға 
  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;

- компанияның Директорлар кеңесі туралы қағидасына өзгертулер мен 
  толықтырулар енгізу туралы;

- "Эрнст энд Янг" ЖШС 2019–2021 жылдарға "Қазақтелеком" АҚ аудит 
  жүргізетін аудиторлық ұйым  ретінде тағайындау туралы.

Аталмыш ақпарат – 
http://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_annual_shareholders_meeting_new_info_300419_2781.pdf


Аталмыш жиналыс өткізу туралы хабарлама KASE интернет-сайтында – 
http://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_annual_shareholders_meeting_info_300419_2280.pdf
 мекен-жайында жарияланған.

[2019-04-02]