"AltynEx Company" АҚ 2019 жылдың 28 маусымында акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды
/KASE, 08.05.19/ – Бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 
ресми тізімінде тұрған "AltynEx Company" АҚ  (Ақтөбе обл) 2019 жылдың 
28 маусымында акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы 
хабарлайды, күн тәртібінде алты мәселе қаралады, олардың ішінде:

 - компанияның 2018 жылға қаржылық есебін бекіту туралы;

- компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібін бөлу, компанияның 
жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдау туралы;

- 2018 жылға дивидендттер туралы, компанияның бір жай акциясына 
дивиденд көлемі;

- компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы.

Жиналыс өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – 
http://kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_annual_shareholders_meeting_info_280619_264.pdf


[2019-05-08]